Жанкүйерлер алаңға шығып, футболшылармен төбелесті (ВИДЕО)

Халық үні

Командалар алаңнан шығып кетті

фото: видеодан скриншот

Аустралия чемпионатының «Мельбурн Сити» мен «Мельбурн Виктория» арасындағы сегізінші тур матчы жанкүйерлердің тәртіпсіздігінен тоқтатылды, деп хабарлады Vesti.kz.

Ойынның 22-минутында «Мельбурн Сити» 1:0 есебімен ұтып жатқан болатын. Осы кезде жанкүйерлер алаңға шығып кетіп, алаң қожайындарының қақпашысы Том Гловердің бетінен ұнтақ тола шелекпен ұрған. Осыдан кейін төреші матчты тоқтатып, командаларды алаңнан алып шығып кетті.

Видеодан байқағанымыздай, жакнүйерлерді Гловердің алаңға түскен файерді кейін лақтырғаны ашуландырған болуы керек.