Бүгін финалға шығатын Франция мен Аргентина қақпашылары бұл көрсеткішті жақсарта алмауы мүмкін
Кеше Хорватия құрамасының қақпашысы Доминик Ливакович футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында соққыны қайтару жөнінен үздік деп танылды.
Жалпы, бұл қақпашы 7 кездесуде барлығы 25 соққыны кері қайтарған. Осылайша, ол бұған дейін көш бастап тұрған Польша құрамасының қақпашысы Войцех Щенсныдың көрсеткішінен (23) асып түсті. Бірақ Войцех Щенсны чемпионатта 4-ақ матч өткізген.
Ал 5 кездесуде 18 сэйв жасаған Нидерланды қақпашысы Андрис Нопперт үздік үштікті түйіндеп тұр.
Еске сала кетсек, бүгін әлем чемпионатының финалында Франция мен Аргентина құрамалары алтынға таласады. Дегенмен бұл елдің қақпашылары Уго Льорис пен Эмилиано Мартинес үздіктер көрсеткішін жақсарта қоюы неғайбыл. Өйткені қазір олардың еншісінде тиісінше 10 және 5 сэйвтен бар.