Amanat партиясының хатшысы қызметіне Ринат Кертаев келді

Халық үні

Ол бұған дейін «Хабар» агенттігі басшылығында еңбек еткен

фото: ашық дереккөзден

Amanat партиясының хатшысы болып Ринат Кертаев тағайындалды.

Партия төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаулысымен Amanat партиясының хатшысы болып Ринат Думанұлы Кертаев тағайындалды, – дейді Amanat партиясы.

РИНАТ КЕРТАЕВ

1983 жылы 23 сәуірде дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Қоғаммен байланыс» және «журналистика» (магистратура) мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын «Хабар» агенттігі» АҚ Алматы филиалында продюсер болып бастаған. Агенттікте бірқатар қызмет сатысынан өтіп, 2016 жылы «Хабар» арнасының директоры болып тағайындалды. «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.

2018 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.