Екі ел арасындағы рейстер саны артады
Бакуде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Әзербайжанның Цифрлық даму және көлік министрлігінің өкілдері кездесті.
ИИДМ вице-министрі Берік Қамалиев Әзербайжан тарапына қос мемлекет арасында қатынайтын әуе рейстері санын көбейту мәселесін қарастыруды ұсынды. Ал Әзербайжанның Цифрлық даму және көлік министрі Рашад Нәбиев оған қолдау білдірді, – дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Бұған дейін әуе компаниялары ұшуға шектеу қойылған адамдардың жеке тізімін жасай алатыны белгілі болды. Қазақстан шекарасын кесіп өту тәртібі жеңілдеді. «Нұр-Сұлтан – Әбу-Даби» жаңа рейсі ашылды. Qatar Airways пен Air Arabia елімізге әуе рейстерін жандандырды. Енді қазақстандықтар АҚШ-қа тікелей рейспен қатынайтын болды. Египетке әуе рейстері қайта ашылады.