×

Египетке рейстер қайта ашылады

Қазақстан мен Египет арасындағы әуе рейстерінің қашан ашылатыны белгілі болды

 Қымбат Елтайқызы 23.02.2022 | 09:30
фото: ашық дереккөзден

Ел аумағында коронавирустың пайда болуы әрі таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2022 жылғы 17 ақпандағы шешіміне сәйкес, Қазақстан және Египет арасындағы әуе рейстері қайта ашылады, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Наурыз айының басынан еліміздің Air Astana, Fly Arystan мен SCAT әуе компаниялары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Орал әрі Қостанай қалаларынан Шарм-эль-шейхке ұша бастайды, – дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып әрі әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестелерге сәйкес орындаладады. 

Бұған дейін әуе компаниялары ұшуға шектеу қойылған адамдардың жеке тізімін жасай алатыны белгілі болды. Қазақстан шекарасын кесіп өту тәртібі жеңілдеді. «Нұр-Сұлтан – Әбу-Даби» жаңа әуе рейсі ашылды. Qatar Airways пен Air Arabia елімізге рейстерін жандандырды. Енді қазақстандықтар АҚШ-қа тікелей рейспен қатынайтын болды

Серіктес жаңалықтары

Сараптама