×

Елорданың бас шыршасын жағу 19 желтоқсанға ауыстырылды

Бұған дейін Астананың бас шыршасы 18 желтоқсанда жағылатыны хабарланған еді

 Халық үні 16.12.2022 | 17:04
фото: ашық дереккөзден

Астана қаласының бас шыршасын жағу рәсімі 19 желтоқсанға ауыстырылды. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Шырша шамдарын салтанатты жағу рәсімі 19 желтоқсанда өтеді. Сағат 18:00-де концерттік бағдарлама басталады», - делінген әкімдік хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін шаһардың бас шыршасы 18 желтоқсанда EXPO халықаралық көрме орталығы аумағында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы ескерткішінің жанында жағылатыны хабарланған еді.

Елордада қаланың жаңа жылдық безендірілуіне қаржыландыру жергілікті атқарушы органның бюджетінен және демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылады. Алайда әкімдік Halyq Uni тілшісінің ресми сауалына берген жауабында бюджеттен қанша сома бөлінетінін ашып айтпады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама