×

Үкімет жұмысына президенттің көңілі толмады

Министрлер мен басшылар жауапкершіліктен қашады

 Дәурен Ерболат 12.12.2022 | 12:49
Фото: Halyq Uni

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет жұмысына көңілі толмайтынын ашық айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ашығын айтуымыз керек, биыл Үкімет тап болған сын-қатерлерге қарсы тиімді жұмыс істей алмады. Қойылған міндеттер толыққанды орындалған жоқ. Ал кейбір бағыттар бойынша мүлде жұмыс жасалмаған. Мысалы, әбден ескірген, қажеті жоқ нормативтік актілерді жою керек екені осыған дейін де бірнеше рет айтылды, Үкіметке тиісті тапсырмалар да берілді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Оның айтуынша, соның кесірінен министрлер және мекеме басшылары өздігінен әрекет етіп, жедел шешім қабылдай алмайды.

«Бітпейтін жиналыстарға, құжатты келісу жұмысына өте көп уақыт кетеді. Министрлік және ұлттық компания басшылары нақты шешім қабылдауға келгенде, өздеріне жауапкершілік алудан бастарын алып қашады. Ал тұтас елдің, халықтың тағдыры сол маңызды шешімге байланысты болып жататыны, өкінішке қарай, ескерілмейді. Үкімет пен Президент әкімшілігі арасындағы өзара іс-қимыл дұрыс жолға қойылмаған», - деді президент.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы бастықтардың «сүйікті» адамдарымен қоштасуына тура келетінін айтқан еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама