Семейде мұз жарылып, көлікпен серуендеген 2 жас жігіт өзенге батып кетті

Халық үні

23 жастағы жүргізуші мен жолаушы көліктен шығып үлгеріп, зардап шеккен жоқ

Фото: abainewskz

Семейде түн ішінде жас жігіттер мұз жарылып, өзенге батып кетті, деп хабарлады abainewskz.

Оқиға өткен түнде сағат шамамен 22:00-де болған.

Абай облысы ПД хабарлағандай, жас жігіттер Ертіс өзенін жағалап, серуендеп жүрген кезде мұз жарылып, «Mitsubishi» көлігімен суға түсіп кеткен.

23 жастағы жүргізуші мен жолаушы көліктен шығып үлгеріп, зардап шеккен жоқ.