×

Еліміздің жоғары оқу орындарында «онлайн оқыту» формасы енгізіледі

Білім министрі Аймағамбетов өзгерістерге түсінік берді

 Халық үні 09.03.2022 | 13:59
фото: ашық дереккөзден

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бүгін Мәжілістің жалпы отырысында, екінші оқылымда маңызды нормаларды көздейтін заң жобасы қабылданғанын айтты. Ол негізгілерін атады:

  1. Халықаралық пәндік олимпиадалардың, сондай-ақ халықаралық орындаушылар конкурстары мен спорттық жарыстар жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне жоғары оқу орындарында тегін білім алуға гранттар беру. Халықаралық олимпиадалар жеңімпаздары мен жүлдегерлері және олардың тәлімгерлері үшін біржолғы ақшалай төлемдер көзделеді. Президент өз жолдауында осы тапсырманы берген.
  2. Жоғары білім беруде жаңа «онлайн оқыту» формасы енгізіледі. Енді ЖОО-лар оқытудың онлайн түрінде белгілі бір оқыту бағыттары бойынша кадрлар дайындай алады. Бұл - заман талабы. Бұл ретте, біліктілік талаптарына сәйкес оқытудың белгілі бір бағыты бойынша (прокторинг, ақпараттық жүйе, цифрлық контент, кадрлар және т.б.) жеке лицензия алу міндетті болады.
  3. «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» оқулықтары енді еліміздің барлық мектебі үшін бірыңғай және базалық болады. Яғни, бір оқу бағдарламасы және бір негізгі оқулық. Сонымен бірге 2016 жылға дейін болғандай, басқа пәндер бойынша оқулықтардың балама нұсқалары болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама