Моңғолиядағы қандас Dedu мобильді қосымшасын жасап шықты

Дастан Жұмабекұлы

Ол математика пәніне арналған

фото: ашық дереккөз

Моңғолияда жас математик, докторант Еркеқұлан Бағдатұлы Dedu деп аталатын мобильді қосымша жасап шықты.

Dedu мобильді қосымшасы арқылы математика пәні бойынша сабақ алу, жоғарғы оқу орындарына түсетін оқушылар үшін арнайы дайындалған тесттер беру, видеосабақтар қарау сияқты қызмет түрлерін алуға болады.

Бүгінде мобильді қосымшалар нарығы әлем бойынша қарқынды дамып келе жатыр. Қосымшалар жасау – үлкен қаражат әкелетін стартаптардың бірі.

Мобильді қосымшаны мына сілтеме арқылы жүктеп алуға болады.