×

Екібастұздағы төтенше жағдай режимі алынды

Көппәтерлі тұрғын үйлердің бәрі жылумен қамтамасыз етілген

 Халық үні 08.12.2022 | 23:57
фото: ашық дереккөзден

Екібастұзда төтенше жағдай режимі алып тасталды. Бұл туралы Екібастұз әкімі Аян Бейсекин Instagram-парақшасында жазды. 

Қалада 28 қарашада енгізілген төтенше жағдай режимі алып тасталды, - делінген хабарламада.

Көппәтерлі тұрғын үйлердің бәрі жылумен қамтамасыз етілгені атап өтілді.

Қала әкімдігі төтенше жағдайларды жоюға тек жергілікті атқарушы органның әкімшілік ресурсы ғана емес, азаматтар, шаруашылық жүргізуші субъектілер, ұйымдар, еріктілер де жұмылдырылғанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама