«АрселорМиттал Теміртауда» тағы да апат болып, 1 адам қаза тапты

Динара Амантай

Аталған жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылды

Фото: Қазақпарат

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытының коксхимиялық өндірісінде апат болып, бір адам көз жұмды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

8 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытының коксхимиялық өндірісінде адам өліміне әкелген апат болды. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның 1982 жылы туған газ қызметкері қайтыс болды, – делінген мекеме баспасөз қызметінің хабарламасында.

Аталған жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына 5,8 млрд теңге айыппұл салынғанын хабарлаған болатынбыз.