Аталған жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылды
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытының коксхимиялық өндірісінде апат болып, бір адам көз жұмды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
8 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытының коксхимиялық өндірісінде адам өліміне әкелген апат болды. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның 1982 жылы туған газ қызметкері қайтыс болды, – делінген мекеме баспасөз қызметінің хабарламасында.
Аталған жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына 5,8 млрд теңге айыппұл салынғанын хабарлаған болатынбыз.