Қостанай облысында құс фабрикасына қатысты тергеу басталды

Динара Амантай

ЖШС өзінің монополиялық жағдайын теріс пайдаланған

Фото: inform.kz

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қостанай облысындағы құс фабрикасына қатысты тергеп-тексеру жұмысын бастады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Агенттіктің Қостанай облысы бойынша департаментінің мәліметінше, «Жас-Қанат 2006» ЖШС жұмыртқаны көтерме сату кезінде өзінің үстем жағдайын теріс пайдаланып, монополиялық жоғары бағаларды ұстап тұрған.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі осы жағдайға байланысты Кәсіпкерлік кодекстің 174-бабы 1) тармақшасын бұзу белгілері бойынша «Жас-Қанат 2006» ЖШС-не қатысты тергеуді бастады.

Еске сала кетсек, бұған дейін агенттік Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен тұрғын үй компаниясының монополияға қарсы заңнаманы бұзғанын анықтаған болатын.