×

Қытайдың 3 ғарышкері жерге жарты жылдан кейін оралып отыр

Дәрігерлер оларды қонғаннан кейін капсуладан 40 минутта алып шықты

 Еркеғали Болатұлы 05.12.2022 | 11:58
фото: orbiter-forum.com

Командир Чен Донг пен Лю Ян, Цай Сючже есімді екі ғарышкер Қытайдың солтүстігінде Гоби шөліндегі қону алаңына капсуламен қонды.

Ғарышкерлер ғарышта 6 ай болған. Дәрігерлер оларды қонғаннан кейін капсуладан 40 минутта алып шықты. Сол сәтте үшеуі де көтеріңкі көңіл-күйде болған.

Мен ғарышта Қытай ғарыш станциясының негізгі құрылысының аяқталу сәтінің куәсі болғаныма бақыттымын, - дейді командир Чен Донг.

Айта кетсек, ол үшеуі «Тяньгун» станциясында бірқатар тәжірибе жүргізіп, ашық ғарышқа үш рет шыққан. Бұл реттегі «Тяньгун» дегеніміз – ҚХР-дың басқарылатын көпмодульді орбиталық станциясы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама