Halyq Uni логотип
×

Иран билігі елдегі жаппай наразылықтардан кейін әдеп полициясын таратып жіберді

Әйелдердің орамалын реттейтін заңға өзгерістер енгізілмек

 Динара Амантай 04.12.2022 | 18:02
Иран билігі елдегі жаппай наразылықтардан кейін әдеп полициясын таратып жіберді
Фото: Halyq Uni

Иранның Бас прокуроры әдеп полициясының таратылғанын және билік хиджаб туралы заңға өзгерістер енгізу үшін жұмыс істеп жатқанын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі BILD_Russian арнасына сілтеме жасап. 

Әдеп полициясы таратылды, бірақ сот жүйесі бұл әлеуметтік мәселемен айналысуды жалғастырады, - деп келтіреді Мұхаммед Джафар Монтазеридің сөзін Shargh daily газеті.

Оның айтуынша әйелдердің орамалын реттейтін заңға ел парламенті өзгерістер енгізбек. Алайда Заңда нақты нені өзгертуге болатыны туралы толық ақпарат берілмейді. Бас прокурор сот қызметкерлері мен парламент депутаттарынан құралған комиссия осы мәселе бойынша бас қосып, бір-екі аптадан кейін қорытындысын шығаратынын мәлімдеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Иранда хиджабты «дұрыс емес» кигені үшін әдеп полициясы ұстаған Махса Амини есімді қыздың өлімінен кейін Иранда қыркүйек айынан бері наразылықтар жалғасып жатыр. Орамал 1979 жылдан бері ирандық әйелдер үшін міндетті болып табылады, бірақ 2022 жылдың шілдесінде орамалдарды шаш, мойын және иықты толығымен жауып тұратындай етіп киюді талап ететін қатаң заң қабылданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама