×

Иранда көтеріліс басталды

Билік халыққа оқ атып жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 22.09.2022 | 10:14
фото: ашық дереккөз

Иран Ислам Республикасында билік халыққа оқ атты. Хиджабтан шыққан шудан халық ереуілге шығып жатыр. Осыдан бірнеше күн бұрын Тегеран полициясы Махса Амини есімді 22 жастағы қызды хиджабты дұрыс кимедің деп ұстап, өлтірген деген дерек бар. Оның өлімі туралы қаралы хабар бүкіл Иран халқын көшеге шығарды. Халық әуелі шеруге шықты. Одан кейін шеру ереуілге ұласып, енді көтеріліске айналатын түрі бар. Қазір ереуіл елдің түкпір-түкпіріне тарап кетті.

Осы күні Тегеран, Исфахан, Қарадже, Мешхед, Решт, Сақкесе, Сенендедж сияқты ірі қалаларда жаппай наразылық өтуде.

Тегеран полициясы Махса Аминидің өліміне біздің ешқандай кінәміз жоқ деп ақталуда. Бірақ бұған халықты сендіру мүмкін болмай тұрған сияқты. Себебі, наразылық күннен күнге күшеюде.

Енді қолда бар тағы бір дерекке қарағанда, Иранда көтерілісшілерге полиция мен әскердің шамасы жетпей жатқан секілді. Иран шетелден (Ливан, Сирия, Ауғанстаннан) «Хезболла» сияқты ұйымдардың әскерін кіргізді деген ақпарат тарап жатыр. Бұл мәлімет расталған жоқ. Қазірге дейін жаппай наразылық Иранның барлық ірі елді-мекендерін қамтыған, оқ атылған, бірнеше елдің сыртқы істер министрлері мен саясаткерлері, өнер адамдары мен спортшылары Иран халқына әлеуметтік желіде қолдау көрсетуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама