Көмір маңызды тауарлар тізіміне енгізілмек

Динара Амантай

Бұйрық 12 желтоқсанға дейін талқылауға салынған

Фото: egemen.kz

Тас көмір елеулі әрі маңызды тауарлар тізіміне енгізілуі мүмкін. Бұл туралы ашық талқыға шығарылған Сауда және интеграция министрлігінің бұйрығында жазылған, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Елеулі маңызды тауарлар тізбесін бекіту туралы» Ұлттық экономика министрінің бұйрығы мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын: тас көмір, брикеттер, тас көмірден алынған түйіршіктер және қатты отынның ұқсас түрлері, лигнит немесе гагаттан басқа агломерленген немесе агломерленбеген қоңыр көмір, - делінген құжатта.

Құжат Ашық НҚА порталында 12 желтоқсанға дейін талқылауға жарияланды.