Құрылыс және коммуналдық кәсіпорындар қызметкерлерінен тұратын бригада құрылды
Екібастұзда жылумен қалпына келтіру үшін Қарағандыдан 70 маман жолға шықты. Бұл туралы Қарағанды қаласының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев Instagram-дағы парақшасына жазды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша құрылыс және коммуналдық кәсіпорындар қызметкерлерінен құралған бригада құрылған.
Күндіз қажетті құралдармен және техникамен толық жабдықталған мамандарымыз Екібастұзға аттанды. Қазіргі уақытта олар қажетті жұмыстарға кірісті. «Энергоцентр» ЖШС, «Қарағанды Су» ЖШС, қаланың құрылыс компаниялары мен барлық қарағандылықтарға шын жүректен алғыс айтамын», – деп жазды Ермағанбет Бөлекбаев.
Еске сала кетсек, бұған дейін Роман Скляр төтенше жағдай зардаптары толық жойылғанға дейін Екібастұзда болатынын хабарлаған болатынбыз.