×

Роман Скляр төтенше жағдай зардаптары толық жойылғанға дейін Екібастұзда болады

Бүгін 76 үйдің 48-інде жұмыстар аяқталды

 Еркеғали Болатұлы 03.12.2022 | 18:02
фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қалалық жылу желілеріндегі апаттың салдарын жою жөніндегі жұмыстарды тұрақты бақылау үшін Екібастұзда болады. Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Жұмысты үйлестіріп, шұғыл шешімдер қабылдау үшін вице-премьер тұрақты түрде арнайы штаб отырыстарын өткізеді. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстарына барлығы 50-ден аса техника тартылды. 36 бригада (261 адам) жұмыс істеп жатыр, - деп жазылған баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Белгілі болғандай, бүгін сағат 12:00-дегі жағдай бойынша 76 үйдің 48-інде жұмыстар аяқталды және тағы 28 үй бойынша тиісті жұмыстар жалғасып жатыр. Сонымен қатар, қала тұрғындары үшін бұрынғыша 14 жылыту пункті жұмыс істеп тұр.

«Қалпына келтіру жұмыстарының барысы Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың бақылауында тұр. Роман Скляр төтенше жағдай зардаптары толық жойылғанға дейін Екібастұзда болады», - деп жазылған Үкіметтің Telegram арнасында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама