×

Жетісу облысында қатты жел екі жүк көлігін аударып тастады (ВИДЕО)

Жергілікті полиция бұл ақпаратты растады

 Еркеғали Болатұлы 03.12.2022 | 16:45
фото: видеодан скриншот

Жетісу облысында қатты желдің салдарынан екі жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Әлеуметтік желіде бір бүйіріне аударылған жүк көліктерінің видеосы тарады. Автор жол апатының Алакөл ауданындағы Үшарал – Достық тас жолында болғанын түсіндірген.

Жергілікті полиция бұл ақпаратты растады. Ведомствоның хабарлауынша, аталған жолдың Ырғайты өзенінің маңындағы учаскесінде жиі байқалатын қатты жел салдарынан жүк көліктері аударылып қалған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама