Қарақалпақстанда шеруге шыққандарға қатысты сот процесі басталды

Дастан Жұмабекұлы

Қылмыстық іс қаралып жатыр

фото: ашық дереккөз

1-2 шілдеде Қарақалпақстанның астанасы Нөкіс қаласында болған жаппай шеруге шықты деген күдікпен 22 адамға қатысты қылмыстық іс сотта қаралып жатыр.

Өзбекстан жоғарғы сотының хабарлауынша, Бұхара облысының сотында ашық процес басталған.

Алдын ала тергеу органының айыптау актісіне сәйкес, сотталушылар Д. Тәжімұратов, Л. Қаллиханова, А. Турданов, А. Сметуллаев, Д. Джиемуратов, Б. Қадірбергенов, Б. Сейтниязов, А. Тоқымбетов, Қ. Сейтімов, А. Нуратдинов, С. Медетов, Н. Найыпов, П. Шамшетов, Р. Бекмуратов, С. Кайыпов, Б. Генжебаев, С. Калилаев, П. Нурниязов, С. Қалимов, Н. Султамуратов, А. Темірханов пен А. Аділбеков Қылмыстық Кодекстің 28,104, 104, 164, 167, 227, 243, 244, 244-1, 247,277-баптары бойынша қылмыс жасағаны үшін айыпталып жатыр.

20 айыпталушыға қатысты «қамау», «үйқамақ», «қоғамдық кепілдік» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

Процес ашық түрде өтіп, БАҚ өкілдері мен блогерлердің сот отырыстарын бейнеконференция арқылы тікелей көруі үшін барлық техникалық жағдайлары бар баспасөз залы ұйымдастырылған.