Әлем чемпионаты: жеңіліп қалған құраманың 27 жастағы жанкүйерін басынан атып кетті

Халық үні

Жанкүйерді белгісіз біреулер басынан атып кеткен

Фото: tengrinews.kz

Иран мен АҚШ (0:1) кездесуінен кейін Иранның Энзели қаласында 27 жастағы жанкүйер Мехран Самакты атып кеткен. Бұл туралы The Guardian хабарлады.

Белгілі болғандай, Иран құрамасы Қатардағы әлем чемпионатында топтан шыға алмайтын жағдайға жеткен соң Самак көлігінің сигналын қосып жүрген. Артынша жанкүйерді белгісіз біреулер басынан атып кеткен.

Еске салайық, Иран футболшылары мундиальда өткізген үш кездесуде 3 ұпаймен үшінші орыннан ары аса алмады. Ал В тобында Англия мен АҚШ турнирдің 1/8 финалына жолдама алды. Енді 3 желтоқсанда АҚШ пен Нидерланды, Англия мен Сенегал командалары кездеседі.