×

Министр әскери және күштік құрылымдар қызметкерлерінің жалақысын теңестіруді ұсынды

Бүгінде олардың жағдайы мәз емес

 Дәурен Ерболат 01.12.2022 | 18:00
Фото: azh.kz

Мәжіліс депутаттары әскери қызметшілердің әлеуметтік мәселелерін талқылады. Кездесуде Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жалақының төмен болуына байланысты мамандардың жұмыстан кетіп жатқанын айтты, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін жұмыс жүргізіліп жатыр. 2020 жылдан бастап олардың ақшалай үлесін кезең-кезеңімен ұлғайту жүргізілуде. Осыған қарамастан бұл қаржы әскери қызметшілердің әлеуметтік мәселесін толық шешпейді.

Руслан Жақсылықов әскерилер басқа салаға кетіп жатқанын атап өтті. Министрдің пікірінше, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне еңбекақы төлеу және әлеуметтік кепілдік жүйесін жетілдіретін уақыт келген. Себебі азаматтық сектормен салыстырғанда әскери дәрігерлер, әскери жоғары оқу орындарының азаматтық оқытушылары және Қарулы күштердің қызметкерлерінің жағдайы мәз емес.

Менің ойымша, әскери қызметшілер мен күштік құрылымдар қызметкерлерінің жалақысы әртүрлі болмауы керек. Өйткені олардың бәрінде Отан алдындағы борышын өтеуге байланысты міндет бар, - деді Руслан Жақсылықов.

Кездесу соңында депутаттар мен министр әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға қатысты ұсыныстарды әзірлеуге және Үкіметке жіберуге келісті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама