×

«Қазақмыс» компаниясына басшы болып 33 жастағы жігіт тағайындалды

Ол - шетелде білім алған тәжірибелі маман

 Дәурен Ерболат 01.12.2022 | 16:40
Фото: kazakhmys.kz

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы қызметіне 33 жастағы Нұрахмет Нұриев тағайындалды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

«Қазақмыс холдинг» ЖШС директорлар кеңесінің шешімімен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің басқарма төрағасы болып Нұрахмет Нұриев тағайындалды. Ол 2006 жылдан бері компанияны үздіксіз басқарған Эдуард Огайдың орнына келді, - деп жазылған хабарламада.

Еңбек ұжымына өзінің ізбасарын таныстырған Эдуард Огай мұндай шешім «Қазақмыс» компаниясының жүрегі болып саналатын жаңа Ұлытау облысының құрылуына байланысты қабылданғанын атап өтті.

Нұрахмет Нұриев Жезқазғанда жұмыс істейтін-ді. Алайда компанияның орталық кеңсесі осында орналасады. Біз біртіндеп Жезқазғанда орналасатын боламыз. Бірақ компанияның шешім қабылдау орталығы да осында болады. Нұрахмет Нұриев жас маман болса да тәжірибесі жеткілікті. Ол бізден де жақсы нәтиже көрсетеді, - деді Эдуард Огай.

Айта кетейік, Нұрахмет Қанатұлы 1989 жылы туған. Ұлыбританияда (Anglia Ruskin University) білім алған, іскерлік әкімшілендіру магистрі.

  • 2011 жылдан 2013 жылға дейін Hamble Group-та қаржылық талдаушы;
  • 2013-2015 жылдары Павлодар және Атырау қалаларында мұнай өңдеу зауыттарының құрылымдық бөлімшелерінде еңбек етті;
  • 2015-2019 жылдары «Майкубен Вест» ЖШС және «Шұбаркөл Премиум» АҚ көмір өндіруші кәсіпорындарында қаржы директоры, бас директордың корпоративтік даму жөніндегі орынбасары;
  • 2019 жылдан 2020 жылға дейін «Интергаз Орталық Азия» АҚ Тараз УМГ филиалы директорының орынбасары, «ҚазТрансГаз» АҚ тарифтер және инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары;
  • 2020 жылы «Қазақмыс корпорациясында» еңбек жолын жобалау тобының басшысы болып бастады. Сол жылы қыркүйектен бастап «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің Аутсорсинг жөніндегі директоры қызметіне тағайындалды;
  • 2021 жылғы маусымда «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС-нің бас директоры болды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама