Қытай Ресейдің кемелері үшін порттарын жапты

Дастан Жұмабекұлы

ҚХР-дың илігетін түрі жоқ

фото: moscowtimes.ru

Қытай билігі Ресей Федерациясының сақтандыру сертификаттарын алған, Ресейдің жалауы бар кемелерді өз порттарына кіргізуді тоқтатты. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.

Еуропаға барудан бас тартып, жүктерін Азияға қарай аттандырған ресейлік мұнайшылар мен кеншілердің «Шығыс экспресі» Қытайда күтпеген жаңа проблемаларға кезікті.

ҚХР билігі Ресей сақтандырушылары сақтандырған ресейлік жалаулары бар кемелердің сақтандыру сертификаттарын мойындамайды, – деді Ресей көлік министрінің орынбасары Юрий Пошивай IV Ресей-Қытай энергетикалық бизнес-форумында.

Оның айтуынша, Қытай билігінің саясаты экспорттық жүктерді тасымалдауды жүзеге асырудағы жаңа кедергі болып тұр. Бұл тұрғыда Ресей Түркиямен де, Үндістанмен де келісімге келе алған. Алайда Қытайдың илігетін түрі жоқ.