Алматыда екі маршруттың автобустары жаңартылды

Динара Амантай

Сыйымдылығы 85 адамға дейінгі 12 метрлік автобустар қызмет көрсетеді

Фото: Алматы қ. әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласында екі маршруттың автобустары жаңартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2 желтоқсаннан бастап №202 және №205 маршруттарға Foton маркалы жаңа автобустар шығарылатын болады. Енді маршруттарда сыйымдылығы 85 адамға дейінгі 12 метрлік автобустар қызмет көрсетеді. Олар табиғи газбен жүреді, пандус пен ауа салқындатқышпен жабдықталған. Ал бұған дейінгі автобустардың сыйымдылығы 70 адамға дейін болған еді.

Сондай-ақ ведомсвто өкілдері қалалық мобилділік басқармасы қызмет көрсету сапасы мен жүріс жиілігін арттыру бағытында бірқатар шара қабылдап жатқандығын атап өтті. Маршруттарда туындаған мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табатын болады.