Halyq Uni логотип
×

Қайрат Боранбаевтың туысы ҚМА қызметкерлеріне пара берген

Сот Қайрат Боранбаевтың туысына және екі қызметкерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді

 Халық үні 30.11.2022 | 20:13
Қайрат Боранбаевтың туысы ҚМА қызметкерлеріне пара берген
Фото:vk.com/fckairat

Қамауда отырған Қайрат Боранбаевтың туысы А. Боранбаев Қаржылық мониторинг агенттігінің жекелеген қызметкерлеріне пара берген, деп хабарлайды ҚМА-ның баспасөз қызметі. 

«Қаржылық мониторинг агенттігінің жекелеген қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық жасау фактісі анықталды. Мәселен, тергеумен қамауға алынған Қ.С. Боранбаевтың туысы – А.Т. Боранбаевтың жедел бөлімшелердің жекелеген қызметкерлеріне заңсыз сыйақы беру фактісі әшкереленді. Сот А.Т. Боранбаевқа және екі қызметкерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді», - делінген Агенттік хабарламасында.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама