Ол Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен маңызды мәселелерді талқылаған
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Twitter-дегі парақшасына Қазақстанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қолдау туралы жазба қалдырды.
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен бірге маңызды мәселелерді, соның ішінде Қазақстанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын әрдайым қолдауымыз, сондай-ақ алдағы кеңейтілген стратегиялық әріптестік диалогын талқыладық, - деген ол өз жазбасында.
Еске салайық, 2022 жылдың мамырында ҚР премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Вашингтонға сапарының екінші күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен екіжақты келіссөз өткізген. Сол кездесуде де Энтони Блинкен АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қолдайтынын айтқан еді.