Қостанай облысында даладан мәйіті табылған қыздың неден көз жұмғаны белгілі болды

Халық үні

Сараптама қорытындысында өлім себебі дәрі-дәрмектен улану деп көрсетілген

Фото: instagram.com/dpso_bars

Қостанай облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі Қарабалық ауданының 26 жастағы тұрғынының өліміне қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлады alau.kz.

1996 жылғы қыз Галина Галкина 3 қарашада жоғалып кеткен. Ол  «Қазпоштадан»  жұмыстан шығып, белгісіз бағытқа кеткен. Бірнеше күннен кейін ол даладан өлі табылды.

«Сараптама қорытындысында өлім себебі дәрі-дәрмектен улану деп көрсетілген», - деп хабарлады ведомство.

Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысында жоғалып кеткен қыз даладан өлі табылғанын хабарлаған болатынбыз.