×

Қостанай облысында бір апта бұрын жоғалып кеткен қыз даладан өлі табылды

3 қарашада жоғалып кеткен 26 жастағы Галина Галкина даладан өлі табылған

09.11.2022 | 19:58
instagram.com/dpso_bars

Қостанай облысында жоғалып кеткен қыз даладан өлі табылды.

3 қарашада жоғалып кеткен 26 жастағы Галина Галкина даладан өлі табылған. Бұл туралы еріктілер әлеуметтік желідегі парақшасында жазған. Полиция да бұл ақпаратты растаған

Бүгін сағат 15.00-де полицейлер далада іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде жоғалған қыздың мәйітін тапты. Полиция іздестіру жұмысы 3 қарашада анасы полицияға жүгінген кезде басталғанын атап өтті, - деп хабарлады Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қыз жоғалған күні соталды тергеу бастау туралы іс жүргізу шешімі қабылданған. Қазір өлім себебін анықтайтын сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Айта кетейік, қыз 3 қарашада кешке жоғалып кеткен. Галина Галкина сағат 17.00-де Қарабалық ауданы Боскөл ауылындағы Қазпошта ғимаратынан шығып, жоғалып кеткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама