Қостанай облысында даладан мәйіті табылған қыздың неден көз жұмғаны белгілі болды
Сараптама қорытындысында өлім себебі дәрі-дәрмектен улану деп көрсетілген
Қостанай облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі Қарабалық ауданының 26 жастағы тұрғынының өліміне қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлады alau.kz.
1996 жылғы қыз Галина Галкина 3 қарашада жоғалып кеткен. Ол «Қазпоштадан» жұмыстан шығып, белгісіз бағытқа кеткен. Бірнеше күннен кейін ол даладан өлі табылды.
«Сараптама қорытындысында өлім себебі дәрі-дәрмектен улану деп көрсетілген», - деп хабарлады ведомство.
Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысында жоғалып кеткен қыз даладан өлі табылғанын хабарлаған болатынбыз.