×

«Кредит кешіріледі»: агенттік мәлімдеме жасады

«Кредиттік рақымшылық жүргізілді және қарыздардың барлық түрлері кешіріледі» деген ақпарат тарап жатыр

 Халық үні 26.11.2022 | 21:29
фото: ашық дереккөзден

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кредиттік рақымшылық және қарыздарды кешіруге әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.

Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде «кредиттік рақымшылық жүргізілді және қарыздардың барлық түрлері кешіріледі» деген ақпарат тарап жатыр.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ақпаратты жоққа шығарды.

«Кредиттер бойынша мерзімі өткен берешегі бар азаматтарды қолдау үшін 2021 жылғы қазаннан бастап берешекті реттеудің бірыңғай міндетті тәртібі енгізілген. Азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарынан дәйексіз мәліметтерге сенбеуді және ақпаратты тек ресми және тексерілген дереккөздерден алуды сұраймыз», - деп мәлімдеді агенттік.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама