Қарағандыда автобус апатынан зардап шеккен жолаушы қайтыс болды

Дәурен Ерболат

Көлік апатынан барлығы 18 адам зардап шеккен

Фото: osp.ru

Қарағандыда екі автобустың соқтығысуы салдарынан зардап шеккен науқастардың бірі ауруханада көз жұмды, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бірнеше сағат бұрын Мақажанов атындағы көпсалалы ауруханада екі автобустың соқтығысуы кезінде зардап шеккен 2003 жылы туған жолаушы ауыр жарақат салдарынан қайтыс болды. Қалған зардап шеккен адамдардың жағдайы тұрақты, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бүгін Қарағандыда жолаушылар автобусы соқтығысқан еді.

Сондай-ақ зардап шеккен жолаушыларға сақтандыру төлемі берілетіні хабарланған.