×

Қарағандыда жолаушылар автобусы соқтығысты: бір жүргізуші қаза тапты, 18 адам ауруханаға жеткізілді

Автобустардың бірінде жолаушылар болмаған

 Халық үні 25.11.2022 | 12:08
скриншот: видео

25 қараша күні таңертең Қарағандыда жолаушылар тасымалдайтын №41 және №146 бағытындағы екі автобус соқтығысты. Жол апаты салдарынан автобус жүргізушілерінің бірі оқиға орнында қаза тапты.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға кезінде №41 автобустың ішінде жүргізуден басқа ешкім болмаған.

Қарағанды қаласындағы Х.Ж.Мақажанов атындағы көпбейінді аурухананың травматология бөлімінің меңгерушісі Берік Төлеубаев жол апаты салдарынан жарақат алған 18 адамның ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама