Оқыс оқиғадан 1 адам қаза тауып, 18 адам жарақат алған
Қарағандыда автобустардың соқтығысуы салдарынан зардап шеккен жолаушылар сақтандыру компаниясынан ақша алады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Көлік апатынан зардап шеккен жолаушылар «Евразия» сақтандыру компаниясынан төлем алады. Соқтығысқан 2 автобус аталған компанияда сақтандырылған. «Евразия» жолаушылар алдындағы жауапкершілігін орындайды, - деп жазылған компания таратқан хабарламада.
Айта кетейік, бүгін Қарағандыда жолаушылар автобусы соқтығысқан еді.