×

Мемлекет басшысы келесі аптада Путин және Макронмен келіссөз жүргізеді

Сондай-ақ президент Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізгелі отыр

 Динара Амантай 25.11.2022 | 16:16
Қасым-Жомарт Тоқаев, фото: Sputnik / Владислав Воднев

Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қарашада Ресей Федерациясына ресми сапармен барады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысы Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ екі ел басшылары Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына бейнебайланыс режимінде қатысады.

Ал 29-30 қарашада Қазақстан президенті Францияға ресми сапармен барады. Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде Франция президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізеді деп жоспарланып отыр. Келіссөз барысында олар сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективаларын талқылайды.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама