Желіде жаңаөзендік мұғалімнің оқушыларын ұрған видеосы тарады

Халық үні

Бұл факті бойынша арнайы комиссия құрылды

фото: видеодан скриншот

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті дене шынықтыру сабағының мұғалім іоқушыны ұрып жатқан видеоға қатысты тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды «Лада» басылымы. 

Видеода дене шынықтыру сабағының оқушының шашын жұлып, бірнеше рет ұрғаны, ал екінші оқушыны артынан тепкені көрсетілген.

Жаңаөзен қаласы білім басқармасы бұл факті бойынша арнайы комиссия құрылғанын және мектеп-гимназияның тәртіптік кеңесі отырысының шешімімен оқушыларға күш көрсеткен мұғалімнің ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы бойынша жұмыстан босатылғанын хабарлады.