×

Абай облысында қайғылы жағдай болды (ФОТО)

Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр 

 Халық үні 25.11.2022 | 07:34
фото: ашық дереккөзден

Абай облысында жеңіл көлік пен КамАЗ соқтығысты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол апаты 24 қараша сағат 07:00 шамасында болған. KIA автокөлігінің жүргізушісі Омбы – Майқапшағай автожолының 702-шақырымында

КамАЗ автокөлігімен соқтығысты.

Жол апаты салдарынан Kia автокөліктің жүргізушісі аудандық ауруханаға жатқызылды.

Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама