Зеленский Ресейге қатысты маңызды үндеу жасады

Халық үні

Украина президенті Ресейді адамзатқа қарсы қылмыс жасап жатыр деп айыптады 

© AP Photo / Efrem Lukatsky

Мұндай мәлімдемені Владимир Зеленский Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне видеобайланыс арқылы жасады.

Бұл үндеуінде Зеленский Ресей армиясының зымырандық соққыларын ядролық қару қолданумен пара-пар «энергетикалық террор» деп сипаттады. «Ракеталар энергонысандарға тиіп жатқандықтан, ондаған миллион тұрғын жарықсыз, сусыз, жылусыз отыр. Бұл – адамзатқа қарсы нағыз қылмыс», – деді Украина лидері.

Бірақ Мәскеудің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы елшісі Василий Небензя мұның бәрін жоққа шығарды.

Оның айтуынша, Украинаның инфрақұрылымын оның әскерінің Ресей зымырандарын құлатуға жіберген снарядтары қиратып жатыр екен.