Футбол жанкүйері Катарға 1600 шақырымды жаяу жүріп жеткен

Еркеғали Болатұлы

Ол Сауд Арабиясы мен Аргентина арасындағы матчты өткізіп алмауға бекінген

фото: ашық дереккөз

Саударабиялық Абдалла әл-Салми футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатына өз командасын қолдау үшін жаяу барған.

Ол Дохаға 1600 шақырымды артқа қалдыра отырып жетіпті. Соның құрметіне жанкүйерлер Абдалланы сән-салтанатпен күтіп алған.

Әлем чемпионатын көру Абдалла әл-Салмидің бала кезден бергі арманы екен. Ол Сауд Арабиясы мен Аргентина арасындағы матчты өткізіп алмауға бекініп, туған қаласы Джеддадан Дохаға дейін жаяу шығып, 55 күн жүріп отырып жеткен көрінеді.

Сапардың бар қиындығын ұмытып та кеттім, - дейді жанкешті жанкүйер.

Ал көпшілік 1600 шақырымды артқа тастаған онымен суретке түсіп, қолдау білдірді.