WhatsApp топқа кірген ақтаулықтар 13 миллион теңгесінен айырылды

Халық үні

Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді

фото. life.ru

Ақтауда 51 жастағы әйел «WhatsApp» мессенджерінде топ ашып, ақшаны көбейтіп беремін деген желеумен жұрттың қомақты қаржысын иемденіп кеткен. 

13 миллион теңгесінен айырылған алты жәбірленуші интернет-алаяқтық әрекеттері бойынша Ақтау қаласы полициясына арыз түсірді.

Егде әйел мессенджерде түрлі топтар құрып, ақша салсаңыз көбейтіп беремін деп елдің ақшасын жинап алған.

«Аталған дерек Ақтау қаласы ПБ-ға ҚР ҚК 190-бабы бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді», - деп көрсетті Ақтау қаласы полиция департаменті.