×

Қытайда ірі зауыттың өртенуі салдарынан 38 адам қаза тапты

Оқиға орнына 60-тан аса өрт сөндіру көлігі жеткен

 Еркеғали Болатұлы 22.11.2022 | 10:20
фото: sibreal.org

Қытайда Аньян қаласындағы Kaixinda Trading зауытынан алапат өрт шығып, 38 адамның өмірін жалмады.

Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен 5 сағаттай арпалысқан екен. Анықталғандай, соның салдарынан тағы 2 адам жараланған.

Соңғы деректерге сүйенсек, оқиға орнына 63 техника мен 240 өрт сөндіруші жеткен. Қазір от толық сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама