Түркияға төрт зымыран құлады

Дастан Жұмабекұлы

Ракета мектеп пен бірнеше үйге түсті

фото: ria.ru

Түркияның Каркамыш қаласына төрт зымыран құлады. Ракета мектеп пен бірнеше үйге түсті.

Түркияның superhaber.tv-ның хабарлауынша, Күрдістанның жұмысшы партиясы мен «Халықтық өзін-өзі қорғау жасағы» лаңкестік ұйымының мүшелері Сирияның солтүстігінен Каркамышқа төрт зымыран атқан.

Телеарнаның мәліметіне қарағанда, аудан орталығындағы бір мектеп пен екі үйге, жүк көлігіне зымыран түскен.

Оқиға орнында дәрігерлер барды.