Ракета мектеп пен бірнеше үйге түсті
Түркияның Каркамыш қаласына төрт зымыран құлады. Ракета мектеп пен бірнеше үйге түсті.
Түркияның superhaber.tv-ның хабарлауынша, Күрдістанның жұмысшы партиясы мен «Халықтық өзін-өзі қорғау жасағы» лаңкестік ұйымының мүшелері Сирияның солтүстігінен Каркамышқа төрт зымыран атқан.
Телеарнаның мәліметіне қарағанда, аудан орталығындағы бір мектеп пен екі үйге, жүк көлігіне зымыран түскен.
Оқиға орнында дәрігерлер барды.