×

Талдықорғанда оқушылар зауыттың маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер тапты

Қалалық полиция басшылығы балаларды грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапаттады

 Динара Амантай 21.11.2022 | 15:04
Фото: polisia.kz

Талдықорғанда оқушылар жұмысы тоқтап тұрған зауыттың маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Талдықорған қаласының мектеп оқушылары – 11 жастағы Мейір Мұхтарұлы мен 9 жастағы Валентин Артеменко зауыт маңынан атыс қаруы мен оқ-дәрілерді тапқан. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 2 ПМ (Макаров тапаншасы) және 30-дан аса патрон тәркіледі. Қарудың атуға жарамдылығын тексеру үшін сараптамаға жіберілді.

Азаматтық борышын көрсеткен саналы жасөспірімдерді қалалық полиция басшылығы грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапаттады. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары балаларына лайықты тәрбие берген ата-аналарға алғыстарын білдірді.

Облыс полицейлері атыс қаруы мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған азаматтардың әрекеттерінде басқа қылмыстар болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын еске салады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама