Бұған дейін Қазақстан президенті екі елді ынтымақтастық орнатуға шақырған
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшылары екі елдің экономикалық жағдайы мен сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі мәселелерді талқылады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі ахуалға қатысты келіссөздер барысында ортақ келісімге қол жеткізудің аса маңызды екенін атап өтті.
Еске салайық, 1 наурызда өткен Nur Otan партиясының съезінде Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайға қатысты пікір білдіріп, екі елді ынтымақтастық орнатуға шақырды. Сондай-ақ Қазақстанның бұл орайда барлық қолдауды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.