Таңғы 7-ден бері 7,4 млн қазақстандық бюллетень алды
Қазақстанда өтіп жатқан кезектен тыс президент сайлауында халықтың 62,34%-ы дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, Астана уақытымен сағат 16.00-дегі жағдай бойынша республиканың 7 450 395 азаматы бюллетень алды. Ол – тізімге енгізілген азаматтардың 62,34%-ы, - деді ОСК мүшесі.
Алматы қаласы, Алматы және Маңғыстау облыстарында сайлаушылардың белсенділігін төмен:
Сондай-ақ ол шетелде дауыс беру нәтижесіне тоқталды.
Астана уақыты бойынша сағат 16.00-де Бразилияда дауыс беру басталды. Шетелдегі 68 сайлау учаскесінің 64-інде дауыс беру жүргізіліп жатыр. АҚШ пен Канададағы сайлау учаскелері уақыт айырмашылығына байланысты кешірек ашылады, - деді Анастасия Щегорцова.
Бұған дейін сайлаушылардың жартысынан көбі дауыс бергені хабарланған еді.
Айта кетейік, сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша таңғы 07:00-де жұмысын бастады. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.
Қазақстанда 11 млн 950 мың 485 адам дауыс бере алады. Ал президенттікке 6 кандидат түсіп жатыр.