Сайлаушылардың жартысынан көбі дауыс берді – ОСК
Таңғы 7-ден бері 6 миллионнан аса азамат дауыс берді
Кезектен тыс президент сайлауында 6,1 млн қазақстандық дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтерге сәйкес, Астана уақытымен сағат 14.00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 113 621 азаматы бюллетень алды. Ол – тізімге енгізілген азаматтардың 51,16%-ы. Жалпы, еліміз бойынша сайлаушылардың белсенді дауыс беруі байқалады. Бұл ретте Түркістан, Абай, Ұлытау және Қызылорда облыстарында сайлаушылардың келу көрсеткіші ең жоғары, - деді Сәбила Мұстафина .
Оның ішінде:
- Абай облысы – 69,32%,
- Ақмола облысы бойынша – 51,04%,
- Ақтөбе облысы – 53,21%,
- Алматы облысы – 40,85%,
- Атырау облысы – 52,56%,
- Батыс Қазақстан облысы – 43,85%,
- Жамбыл облысы – 52,74%,
- Жетісу облысы – 52,17%,
- Қарағанды облысы – 53,75%,
- Қостанай облысы – 53,17%,
- Қызылорда облысы – 59,18%,
- Маңғыстау облысы – 53,40%,
- Павлодар облысы – 52,55%,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 53,10%,
- Түркістан облысы – 76,61%,
- Ұлытау облысы – 68,32%,
- Шығыс Қазақстан облысы – 52,99%,
- Астана қаласы – 39,79%
- Алматы қаласы – 24,17%
- Шымкент қаласы – 51,69%.
Айта кетейік, сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша таңғы 07:00-де жұмысын бастады. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.
Қазақстанда 11 млн 950 мың 485 адам дауыс бере алады. Ал сайлауға 6 кандидат қатысып жатыр.