×

Әлемнің үздік футболшысы әлем чемпионатына қатыспайтын болды

«Алтын доп» иегері Карим Бензема жарақат алып қалды

 Дастан Жұмабекұлы 20.11.2022 | 12:52
фото: ашық дереккөз

Футболдан Франция ұлтттық құрамасының шабуылшысы, «Алтын доп» иегері Карим Бензема жарақатына байланысты Катарда өтетін әлем чемпионатына қатыса алмайды.

19 қараша күні Бензама Франция құрамасымен бірге жалпы топта бірінші рет жаттығуға қатысты. Алайда шабуылшы жаттығуды соңына дейін аяқтай алмады. Содан кейін ол Доха қаласындағы емханаға барып, тексерістен өткенде сан бұлшық етінен жарақат алғаны анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, енді футболшының қатарға қосылуына үш апта керек. 

Осы жағдайдан кейін Франция құрамасының бас жаттықтырушысы Дидье Дешам Бенземаның әлем чемпионатына қатыспайтынын растады. Ол Бенземаның жарақат алғанына қарамастан, командаға толық сенетінін айтты.

Барлық қиындықты жеңіп, сәтті өнер көрсету үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасаймыз, –  деді Дешам. 

Еске сала кетсек, бүгін басталған Әлем чемпионаты 18 желтоқсанда аяқталады. Франция құрамасы D тобында Дания, Тунис және Австралия командаларымен ойнайды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама